16 қыркүйек 2024 жылы Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі С.С.Тулемисованың НД-31О тобында «Мұнай және газ, газконденсатты кен орындарын игерудің геологиялық негіздері» пәнінен «Мұнай және газ кеніштерінің табиғи режимдері» тақырыбындағы ашық сабағы өтті. Ашық практикалық сабақтың құрылымы дұрыс жасақталған, мақсаты кеніштің игеру режимдерін меңгеру, негізгі игеру көрсеткіштері бойынша кеніш режимін анықтау, талдау болып табылады. Ашық практикалық сабақта оқытудың әр түрлі технологиялары қолданылды, мәселен, деңгейлеп оқыту, АКТ, интерактивті әдіс-тәсілдер, wordwall, quizizz, learningapps, flippity платформалары, сондай-ақ топтық және жеке тапсырмалар, дидактикалық материалдар қолданылды.
Сабақтағы оқытушының көңіл күйі көтеріңкі, топтың сабаққа қызушылығы жоғары болды, студенттер тақырыпты жақсы меңгерді, сабаққа белсенді қатынасып, өз білімдерін көрсетті.
Сабаққа қатынасқан ПОҚ талдау барысында С.С.Тулемисованың сабағы ұнағанын, оқытушының педагогикалық-псхологиялық тәжірибесі мол екендігін, өздеріне жаңа ақпарат, әдіс-тәсілдер алғандарын айтып, алғыстарын білдірді.

