16.10.2025. күні Салалык технологиялар институтында барлық білім беру бағдарламалары бойынша I-II курс білім алушылары, БҚИТУ ректораты мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысқан Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға азаматтардың жазу сауаттылығын жетілдіруге және тілдік мәдениетті нығайтуға бағытталған жалпы республикалық
«Ұлттық диктант» жобасы оздырылды.
Диктант мәтініне Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» атты мақаласынан үзінді берілген. Диктантты Жалпы білім беру кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Шканова Бақыт Әжіғұлқызы жүргізді.



