2024 жылдың 22-ақпанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менедмент институтының “Шет тілдері және аударма ісі” кафедрасының “Шетел тілі: екі шетел тілі” БББ 2 курс магистранттары Қайыржанова Алия Зулкарнайовна мен Уапова Ақжарқын Ағатайқызы Эстетикалық бағыттағы гимназияның негізінде 5 а, ә сыныптарына ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – диссертациялық тақырыптар бойынша ғылыми-зерттеу әдісетемелерін қолдана отырып, оқушылардың ағылшын тілін оқуда қызығушылығын арттыру және сабақ үлгерімін жақсарту.
«Regular and irregular verbs» тақырыбындағы ашық сабақ lesson study әдістемесі бойынша жүргізілді. Бұл әдістеме оқушыларды ғылыми тұрғыдан зерттеуге, ағылшын тілін үйренудегі қиындықтар мен оларды шешу жолдарын қарастыруға және оқушының сабаққа деген үлгерімін арттыруға мүмкін береді. Ашық сабаққа “Шет тілдері және аударма ісі” кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Матжанова Г.Ж. әдіскер ретінде шақырылып, ол өз кезегінде магистранттардың сабақтарына байланысты өз пікірімен бөлісіп, коммуникативті тәсілдің тиімділігін арттыру жолдарын көрсетті.