Ағымдағы жылдың 16 қарашасында «Сәулет және құрылыс» кафедрасының 6В07303 «Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді. Осы орайда БҚОӘББ “Жоғары аграрлық-техникалық колледжі” МКҚК студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге «Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының СТ-621.2 оқу тобы қатысты. Білім алушыларға университетімізге қатысты материалдар мен буклеттер таратылып, оқу бағдарламасы, материалдық-техникалық базасы туралы толық ақпарат берілді. Білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді. Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша барлығы 16 оқушы қамтылды, оның 16-сы мемлекеттік тілде білім алады.

