2025 жылғы 15 сәуірде шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы – қауымдастырылған профессор Е.В. Тихонюк, аға оқытушы А.Б. Бахитжанова және аға оқытушы А.К. Шаталов – №3 (Е.В. Тихонюк, А.К. Шаталов), №6 (Е.В. Тихонюк, А.Б. Бахитжанова) және №7 (Е.В. Тихонюк, А.Б. Бахитжанова) мектептердің 11-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында оқушыларға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің (БҚИТУ) білім беру бағдарламалары туралы ақпарат ұсынылды. Мектеп оқушылары оқуға түсу және білім алу шарттарымен танысып, кәсіптік практикадан өту және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы білді. Сонымен қатар оларға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық базасы жөнінде мәлімет берілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz