БҚИТУ, Білім және менеджмент институты, «Қаржы және экономика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Күміс университеті» аясында Қаржылық сауаттылық курсы жүзеге асырылуда. Экономикалық білім тек экономика мен басқарудың түрлі саласында қызмет істейтіндерге, ғалым – экономистерге немесе экономика пәні оқытушыларына ғана емес, сонымен қатар күнделікті өмірде кездесетін мәселелерді шешуде қоғамның әрбір мүшесіне қажеттілігін бүгінгі өмір талабы көрсетіп отыр. Қаржылық сауаттылық мақсаты – экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық даму заңдылықтарымен таныстыру.
Қаржылық сауаттылық жөнінде БҚО бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалының заңгері Қарабалина Айжан Аманжоловна, БЖЗҚ – Барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Калибекова Шара Темирешовна, БҚО бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалының бас маманы-Игильманова Диана Сериковна., «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалы бойынша директор орынбасары Кауметова Данагуль Нурлановна, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Орал қалалық бөлімінің басшысы Койшекенов Азамат Берикович, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО филиалы Істердің электрондық макеттерін бақылау мен заңды және жеке тұлғалармен жұмыс басқармасының жетекші сарапшысы Шаяхметова Надия Базарбаевна семинар өткізді.
Семинарға қатысушыларға зейнеткерлік жасқа жеткенде, қандай құжаттар жинау керек, зейнетақы мөлшері қандай көлемде тағайындалады, жеке жинақтаушы зейнетақы қорындағы қаражат қалай төленеді және т.б. өзекті сұрақтарға, нақты жауаптар берілді. Курс өз жалғасын табады.