2022 жылдың 14 сәуірінде «Экономика және менеджмент» кафедрасының ұстаздары Ильяс Наурызбайұлы, Наталья Алексеевна, Нонна Искаковна, Жеміс Ұзақбаевна 1, 2 курс студенттерімен танымал қыл қалам шебері Сәкен Ғұмаровтың мұражай-үйіне экскурсия жасады. Экскурсия барысында мұражай қызметкерлері С.Ғұмаровтың шығармашылық өмірбаянын, оның қаламына тиесілі картиналарын, ол туралы бейне-фильм көрсетті.
Студенттерге мұражай экскурсиясы көркемдік талғам мен патриоттық тәрбие беруге ықпал етті.

