2017 жылдың 17-20 қаңтар аралығында БҚИТУ-да оқыту семинар-тренингі «Ішкі аудиторларды дайындау» курсы өтті. Семинарға университеттің 17 оқытушысы қатысты.
Курс тыңдаушылары ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа жүйесінің менеджменті. Талаптар» ұлттық стандарттың мазмұнымен танысты.
Оқыту барысында тыңдаушылар ішкі аудит өткізу барысында туындайтын практикалық жағдайлар бойынша көптеген кеңес алды. Және семинарға қатысушылар ішкі аудит өткізу процедурасының теориялық және практикалық дағдыларын игерді.
Семинар бағдарламасы 24 сағатқа арналған. Курс аяқталган соң аудиторларға сертификаттар берілді. Алынған білімдер сапалы ішкі аудит өткізуге және сапа менеджмент жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге көмектеседі деп үміттенеміз.
Сапа басшылығының өкілі Б.А.Билашев