2024 жылғы 29 ақпанда 7М07201/7М07202 «Мұнай-газ ісі» БББ бойынша салалық технологиялар институтының мұнай-газ инженериясы кафедрасының білім алушыларына «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» магистральдық газ құбырлары басқармасы» филиалында Орал желілік-өндірістік басқармасы базасында тәжірибеге бағытталған сабақ ұйымдастырылып өткізілді.

Орал желілік-өндірістік басқармасының бастығы Қуаныш Амангелдіұлы Баянов білім алушылармен кездесіп, тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді. Білім алушылар мамандығы бойынша практикалық дағдылар мен білім алатын кәсіпорындарға белсенді қатынасады.

Кафедраның ПОҚ-ы мен білім алушылары  «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Орал» УМГ» филиалының басшылығына сабақты ұйымдастыруға және өткізуге көмектескені үшін алғыс білдірді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz