2025 жылдың 3-қарашасында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Құқықтану» және «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының білім алушылары арасында құқықтық мәдениетті арттыру және зияткерлік әлеуетті дамыту мақсатында интеллектуалдық ойын (викторина) өткізілді.
Аталған шараға Білім және менеджмент институтының «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша 2-3 курс студенттері белсене қатысып, өздерінің жоғары деңгейдегі құқықтық білімдерін, азаматтық ұстанымдарын және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Нәтижесінде біздің студенттер ерекше белсенділік танытып, инновациялық ойлау қабілеттерін көрсете отырып, «Ең инновациялық шешім» аталымы бойынша номинациямен марапатталып, жүлделі орынға ие болды.
Бұл жетістік — студенттеріміздің кәсіби дайындық деңгейінің, құқықтық сауаттылығының және шығармашылық ізденісінің айғағы. Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, зияткерлік әлеуетін арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға зор үлес қосты.
