“Қаржы және экономика” кафедрасының УА-221 тобының студенті Панов К.И., УА-321 тобының студенті  Исмагулова К.Н. аға оқытушылар Н.С. Умарова мен Ж.А. Аймешеваның жетекшілігімен Алматы қаласындағы Халықаралық инженерлік-технологиялық университет жүргізген “Есеп және аудит” білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың жоғары оқу орындарының 1,2,3 курс студенттері арасында өткізілген “Бухгалтерлік есеп” пәні бойынша халықаралық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.

Олимпиадаға республикалық және халықаралық жоғары оқу орындарының 22 командасы қатысты. Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші тур бухгалтерлік есеп теориясы мен практикасы мәселелері бойынша тест тапсырмаларын шешу түрінде өтті. Екінші турда біздің команда онлайн форматта “Қысқа мерзімді активтерді есепке алу ерекшеліктері” тақырыбында презентациямен эссе қорғады. БҚИТУ команда 200-дің 125 баллын жинады.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz