Университетте басталған «Оқытудың тәжірибеге бағдарлануы қазіргі заманғы құзыретті маманды қалыптастыру құралы ретінде» атты сапа апталығының аясында 2023 жылдың 10-қарашасында  Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, дене шынықтыру және спорт магистрі А.А.Исмагуловтың «Дене шынықтыруды оқыту әдістемесі» тақырыбындағы шеберлік сабағы өтізілді. Шеберлік сабағына «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары, кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері және №32-ші мектеп оқушылары қатысты.

Сабақ барысында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында дене шынықтыру сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігі, мектептегі дене шынықтыру сабағындағы әдістемелік жаңашылдықтар (топтық жұмыс, топтық жұмысты қорғау, кері байланыс әдістері) көрсетілді. Сонымен қатар, сабақта бағалау мақсатында берілген жаттығуларға дескрипторлар құрастырылып, сабаққа қатысушыларға түсіндірілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz