2025 жылдың 3 желтоқсан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді салауатты өмір салтына ынталандыру, АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру және спорттың маңызын кеңінен насихаттау болды.

Жарыс университеттің кіші спорт залында өткізіліп, оған әр институттан ынталы және кәсіби деңгейде ойнайтын студенттер қатысты. Қатысушылар турнир барысында жоғары дайындық деңгейін, жылдамдықты, дәлдік пен тактикалық шеберлікті көрсетті. Ойындар олимпиадалық жүйе бойынша жүргізіліп, финалға ең мықты қатысушылар жолдама алды.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша төмендегі үздіктер анықталды:

1 орын – Мутиголла Адамбек

2 орын – Октябрьов Ақылбек

3 орын – Ермуханбетов Адилхан

Жеңімпаздар университет тарапынан арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, жарыс барысында студенттерге АИТВ инфекциясының алдын алу, қорғау жолдары және салауатты өмір салтының маңызы туралы түсіндірілді.

Іс-шара университеттің  «Барыс» спорт клубы ұйымдастыруымен өткізілді.

Жалпы, өткізілген жарыс студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, жастар арасында денсаулық мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz