2026 жылдың 7–8 сәуірінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында 6В013 «Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау» бағыты бойынша «DIGITAL-ПЕДАГОГ: Интеллект, технологиялар, білім беру» атты XVII Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Аталған білім сайысына университетіміздің 6В01301 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3-курс білім алушылары — Кенесова Айдана Талғатқызы, Сдихова Дильяра Айболатқызы, Үсенова Әйгерім Расулиқызы және Пирнепесова Мерверт Максатовна қатысып, өздерінің білімдері мен кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті.

Студенттеріміз олимпиада қорытындысы бойынша командалық есепте ІІІ орынды иеленіп, университетіміздің мерейін арттырды.

Жүлдегер білім алушыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы оқу мен ғылымдағы  талпыныстарына толағай табыстар тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz