2020 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан қор биржасы (KASE) “Биржалық симулятор”студенттік жобасының жабылу рәсімін өткізді. Оқу сауда-саттығына 15 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Қазақстанның 40 жоғары оқу орнының студенттері, соның ішінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің экономикалық мамандықтардың II-IV курс студенттері қатысты.

    Ғылыми жетекшілері-Курманова Г.К., э. ғ. к., есеп және қаржы кафедрасының доценті және Уразова Б. А., э. ғ. м., экономика және менеджмент кафедрасының аға оқытушысы. Қатысу қорытындысы бойынша студенттер сертификаттарға ие болды. Ғылыми жетекшілер студенттік өмірге белсенді қатысқаны және оқу биржалық сауда-саттықта «биржалық симулятор» ұйымдастыруға көмектескені үшін сертификаттарға ие болды.

    Биыл жоба 12-ші рет жүзеге асырылуда. Студенттік жастардың “биржалық симуляторға” деген қызығушылығы артып келеді – жобаның бүкіл тарихында оған Қазақстанның, жақын және алыс шетелдердің 80 ЖОО-нан сегіз жарым мыңнан астам студент қатысты. Жобаның мақсаты – жас мамандардың қаржылық сауаттылығын арттыру және олардың қор нарығында жұмыс істеудің практикалық дағдыларын алу.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz