2026 жылғы 18 наурызда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Салалық технологиялар институтында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында «Білім беру бағдарламаларын жобалаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар модераторы — Салалық технологиялар институтының оқу-әдістемелік бөлімінің жетекшісі Калниязова А.И.

Семинар барысында білім беру бағдарламаларын дамыту мен жетілдіруге қатысты келесі негізгі мәселелер қарастырылды:
• жоғары білім берудегі құзыреттілік тәсілі;
• нәтижеге бағдарланған оқыту қағидаттары;
• білім беру бағдарламаларының модульдік құрылымын талдау;
• кәсіби стандарттар мен еңбек нарығының заманауи талаптарын ескеру;
• білім беру үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу.

Қатысушылар білім беру бағдарламаларын әзірлеудің заманауи тәсілдерімен танысып, сондай-ақ «Білім беру бағдарламаларын әзірлеу, бекіту және мониторинг жүргізу тәртібі туралы» Ереже жобасын талқылады.

Семинарда білім беру бағдарламаларын еңбек нарығының талаптарына бейімдеу, құзыреттілікке негізделген тәсіл арқылы оқу нәтижелерін нақты әрі түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ оқу үдерісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында қатысушылар тәжірибе алмасып, білім беру үдерісін жетілдіру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Семинар қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларын заманауи тәсілдер негізінде жобалау жоғары білім сапасын арттырудың негізгі факторларының бірі екендігі атап өтілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz