2022 жылдың 20 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Педагогика факультетінің «Тарих», «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының студенттері БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі М.Маметова мемориалдық музейінің меңгерушісі, өлкетанушы Ахмедияр Қуанұлы Батырхановпен кездесті. Кештің басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы майданында қаза тапқан батырлардың ерлігін ұлықтау арқылы қазақ халқының теңдесcіз ерлігіне құрмет көрсету, артынан өшпестей із қалдырған батырлар ерлігін насихаттау арқылы студент жастардың тарихи санасын қалыптастыру.

Ахмедияр Қуанұлы жеке ізденіс барысында өзі анықтаған Ұлы Отан соғысы жылдары жау қолына тұтқынға түсіп, азапты күндерді бастан кешіп, әскери тұтқындарға арналған лагерьлерде қайтыс болған жерлес боздақтардың және соғыс жылдары Түркістан легионында қызмет еткен сарбаздардың жеке карточкаларының көшірмелері жөнінде, тауқымет тартқан тағдырлар туралы айтып өтті. Майданда хабарсыз кеткен көптеген сарбаздардың өлеңмен жазған хаттарынан үзінді оқыды. Сол зұлмат жылдардың хабаршысы болған сағынышқа толы сарғайған үшбу хаттардың түпнұсқаларын өзі көргендегі әсерлерімен студенттермен бөлісті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz