2025 жылдың 13-қарашасында «Білім берудегі цифрлық технологиялар – кадрларды кәсіби даярлау сапасын арттыру факторы ретінде» атты сапа апталығы аясында Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Габбасова Багдагул Беккалиевнаның ұйымдастыруымен «Бастауыш сыныпта қысқа мерзімді жоспар құрудың тиімді жолдары» атты шеберлік сағаты өткізілді. Шараның арнайы қонағы ретінде Эстетикалық бағыттағы гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, зерттеуші санатындағы Нурашева Жазира Кожагулқызы шақырылды. Багдагул Беккалиевна өндірістік-практикаға шыққалы отырған студенттерге қысқа мерзімді жоспарды құрудың тиімді жолдарын: теориялық, практикалық, психологиялық, әдістемелік тұрғыда жан-жақты қарастырса, Жазира Кожагулқызы сабақты тиімді жоспарлауда өз тәжірибесімен бөлісті.
Шара барысында ұсынылған озық тәжірибелер мен заманауи әдіс-тәсілдер студенттер үшін ерекше құнды болды. Шараға қатысқан болашақ педагогтер жаңа ақпараттарды тыңдап қана қоймай, өздерінің кәсіби дамуына қажетті маңызды бағыттарды айқындап, сабақ беру үдерісінде қолдануға болатын нақты әдіс-тәсілдерді меңгеріп, қызыға қатысты.
Шара педагогтер мен студенттерге заманауи сабақты тиімді жоспарлау арқылы жағымды қарым-қатынас орнатудың жолдарын көрсеткен мазмұнды әрі пайдалы кездесу болды.

