2025 жылғы 06 қарашада БҚИТУ салалық технологиялар институтының маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық басқармасымен Батыс Қазақстан облысы аудандарының мектеп оқушыларына онлайн-кездесу ұйымдастырылды, кездесу мақсаты оқуға түсу ережелерін түсіндіру және кәсіптік бағыт-бағдар беру.
Zoom-кеңес беру форматы облыстың әртүрлі аудандарынан қатысқан көптеген жоғары сынып оқушыларын қамтуға, олардың сұрақтарына толық жауап беруге және болашақ мамандықты таңдауға көмектесуге мүмкіндік берді.
БҚИТУ талапкерлер үшін қолжетімді ақпараттық орта құруды жалғастырып, оларды мамандық пен оқу орнын саналы түрде таңдау жолында қолдап бағыттайды.

