2024 жылғы 13-қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Білім алушыларды кәсіпкерлік жөніндегі мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру» тақырыбында семинар өтті. Семинарды БҚО Кәсіпкерлер палатасының шақырылған қонағы менеджер-кеңесші Будиров Марат Мұратқалиұлы жүргізді. Іс-шараны «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы И.Н.Тимиргалиев ұйымдастырды.

Семинар И.Н.Тимиргалиевтің кіріспе сөзінен басталды. Қатысушылар жоспарланған іс-шара бойынша күн тәртібімен таныстырылды.

Лектор өңірде және жалпы ел бойынша жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар, гранттық жобалар және жеңілдетілген қаржыландыру туралы ақпаратпен бөлісті. Сөз соңында қатысушылар М.М.Будировқа сұрақтар қойды.

Семинарға «Бизнес және басқару» білім беру бағытының студенттері мен магистранттары және «Қаржы және экономика» кафедрасының ПОҚ қатысты.

Жалпы, семинарда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, іске асырылып жатқан жобалар бойынша өзекті мәселелер көтерілді. Семинар соңында шара қонағы білім алушыларды бизнес-идеяларын ілгерілету бойынша ынтымақтастыққа шақырды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz