Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының «Батыс қырандары» командасы 2024 жылдың 4-5 сәуір күндері «ҚАЗАҚ ЕЛІ ТАРИХЫНДАҒЫ ЖОШЫ ҰЛЫСЫ: МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ» (ЖОШЫ ҰЛЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛҒАНЫНА 800 ТОЛУЫНА ОРАЙ) атты XV Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткен республикалық студенттік пәндік олимпиадаға еліміздің жоғары оқу орындарынан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті, “SDU” University, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, Шәкәрім атындағы Семей университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Астана халықаралық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеттерінің командалары қатысты. Республикалық студенттік пәндік олимпиада барысында студенттер ғылыми жобалар қорғап, тест тапсырмаларын орындап және тарихты оқыту әдістемесінен шеберлік конкурсына қатысты.
Екі күнге созылған білім бәйгесінің нәтижесінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Батыс қырандары» командасы «Интеллектуалдық топ» номинациясымен марапатталды. Жеке көрсеткіште 6В01601-Тарих білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Қуаншалиев Еділ Қадірұлы III дәрежелі диплом иеленді.
Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың соңғы кезеңіндегі капитандар сайысында «Батыс қырандары» тобының капитаны Қуаншалиев Еділ Қадірұлы «Үздік көшбасшы» кубогын иеленді.