2022 жылдың 29 наурызында БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультетінің “Стандарттау және сертификаттау” (салалар бойынша) мамандығының 1-2 курс студенттері “Қазстандарт” Қазақстан стандарттау және метрология институты” РМК БҚФ Батыс Қазақстан филиалының жұмысымен танысты.

Экскурсияның мақсаты – студенттерді стандарттау және метрология саласындағы мамандардың қызметімен таныстыру, олардың түсінігін, мамандығына деген қызығушылығын арттыру. Іс-шараны БҚИТУ “Экология және биотехнология” кафедрасының меңгерушісі Л.И. Байтлесова және аға оқытушы Г.А. Санталина ұйымдастырды.

Ұйымның жетекші маманы – Қанат Мұсаұлы Ертуғанов студенттерді мұнай, гидравликалық майлар және басқа да мұнай өнімдері сынамаларының үлгілерін сынау кезінде қолданылатын ұйымның қолданыстағы сынақ зертханасының жабдықтарымен, өлшеу құралдарымен таныстырды. Қанат Мұсаұлы студенттерге физикалық-химиялық өлшеу құралдарын тексеру/калибрлеу бойынша жұмыс әдістерін және ағынды тығыздық өлшегіштерді тексеру үшін стенд жұмысын қолдану принципін егжей-тегжейлі түсіндірді., сондай-ақ температура Калибраторы ұсынылды, оның көмегімен рұқсат етілген қателік есептеледі. Метрологтар мен стандарттау жөніндегі мамандардың жұмысын көріп, болашақ мамандардың зерттелетін мамандыққа деген қызығушылығы артты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz