2025 жылдың 31-қазанында Батыс Қазақстан облысының Әдістемелік және психологиялық қолдау орталығының ұйымдастыруымен «Үздік әдіскер-үйлестіруші» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы әдіскер-үйлестірушілердің кәсіби шеберлігін арттыру және үздік тәжірибелерді насихаттау.
Іс-шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушылары Ж.Е. Қадыржанова мен Б.Н. Амангелдиева әділқазылар алқасының мүшесі ретінде қатысып, байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына өз үлестерін қосты.
Шара соңында орталық басшысы Л.С. Есенова әділқазылар алқасының мүшелеріне байқаудың жоғары деңгейде өткені үшін алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
