2022 жылдың 21 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Шеттілдері және аударма ісі» кафедрасы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің шеттілдер кафедрасымен бірлесіп «Лингво дидактикалық ғылымды дамытудың инновациялық дискурсы» атты педагогикалық тәжірибені тарату бойынша ғылыми-практикалық семинар өткізді.

Ғылыми-практикалық семинар-бұл ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдістемелік қызметтің ұйымдастырушылық нысандарының бірі, онда оқытушылар зерделенетін мәселелер бойынша пікір, идея, практикалық әзірлемелермен алмасады.

Семинар қатысушыларына ОГПУ шеттілдер факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.В. Ежова; БҚИТУдың «Шеттілдері және аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған У.К. Доукариева құттықтау сөз сөйледі.

Семинарда БҚИТУ атынан филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Г.Ж. Матжанова; аға оқытушы Г.С. Бимашева; аға оқытушы А.Б. Бахитжанова; педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Д.Р. Кенжеғалиева баяндама жасады.

Ғылыми-практикалық семинардың нәтижелері бойынша материалдар жинағы жарияланады.

БҚИТУ ғылыми бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz