2025 жылғы 13-22 қазан аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде салалық технологиялар институтында Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысы мектептерінің 11 сынып оқушылары үшін Ашық есік күндері өтті.
Іс-шара аясында оқушылар білім беру бағдарламаларымен танысты, оқу ғимараттарына, зертханалар мен аудиторияларға барды, сондай-ақ университет оқытушыларымен, студенттерімен және қызметкерлерімен кездесті. Қонақтардың ерекше қызығушылығы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу перспективалары, сонымен қатар түсу шарттары, гранттық бағдарламалар туралы кеңес алу мүмкіндігі жасалды.
Қатысушылар үшін ұйымдастырылды:
- кафедралардың презентациялары,
- мастер-кластар және интерактивті сессиялар,
- корпус бойынша экскурсиялар,
- концерттік бағдарламалар.
Ашық есік күндері жоғары сынып оқушылары үшін университетпен жақынырақ танысуға, қызықтыратын сұрақтар қоюға және болашақ мамандығы туралы шешім қабылдауға тамаша мүмкіндік болды.
БҚИТУ диалогқа ашық және өз білім алушыларының қатарында жаңа талапкерлерді қуана күтеді!


