2025 жылдың 13 қараша күні «Сапа апталығы-2025» әдістемелік апталығы аясында «Қаржы және экономика» кафедрасының аға оқытушысы Д.С.Тогашева «Қазіргі экономикадағы банктік өнімдер мен қызметтердің дамуы» тақырыбында қонақ дәріс ұйымдастырды. Дәрісті «Freedom Bank» АҚ Клиенттерді тарту бойынша менеджері Бақыт Жұмажан өткізді. Қонақ дәріс барысында қазіргі заманғы екінші деңгейлі банктердің жаңа өнімдері мен қызметтері, жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді. Бұндай шаралар студенттердің қаржылық білімін дамытуға ықпал етеді.


