2024 жылы 8 қазан Ж.Молдағалиев атындағы орталық әмбебап кітапханада “Ғалымдар кітапханада” жобасы аясында БҚИТУ Салалық технологиялар институтының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, “Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі” Шканова Бақыт Әжіғұлқызымен кездесу өтті.
Ғалымның еңбек жолы, ғылыми ізденістері туралы тағылым мен тәрбиесі мол өмір жолы баяндалған қызықты да ұлағатты шара болды.
Кездесуде ғалыммен бірге жұмыс жасаған облыс ұстаздары мен институт оқытушылары, «Сәулет», «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдау ұйымдастыру» студенттер қатысты.


