Оқу жылының басынан бастап 6В07102 – «Электроэнергетика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Тахамбетов Нұрдәулет академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде (ТашМТУ) білім алуда. Университеттің басты міндеттерінің бірі – білікті, құзыретті, демократиялық ойлайтын мамандарды даярлау. Техникалық жарақтандырылуының жоғары деңгейі мен профессор-оқытушылар құрамының кәсібилігі шетелдік жоғары оқу орындарын ынтымақтастыққа тартуда.

ТашМТУ оқытушылары Нұрдәулеттің дайындығы, жауапкершілігі, еңбекқорлығы, тәртіптілігі және табандылығы жөнінде жылы пікір білдіруде. Ал Нұрдәулеттің өзі университеттегі оқу үдерісіне, оқытушылар мен студенттердің ізгі қарым-қатынасына өте риза.

Аталған өзбек университетінде Қытай, Малайзия, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінен келген студенттер де білім алуда.

Ислам Каримов атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университетімен әріптестік байланыстар жыл сайын дамып, нығая түсетін болады.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz