Педагогика факультетінің 20 жылдығына орай  05 желтоқсан 2018 жылы «Филология және оқыту әдістемесі» кафедрасының оқытушылары А.А.Раманова, Д.М.Какимованың ұйымдастыруымен «Бәсекеге қабілетті шәкірт – ұлт келешегі»  атты түлектермен кездесу кеші өткізілді. Кеш қонағы ретінде педагогика факультетінің құрылған сәтінен бүгінгі күнге дейінгі түлектері мен педагог оқытушы мамандар шақырылды.

Кеш барысында 20 жылдық тарихы бар оқу орны түлектерінің бүгінгі күнде жеткен жетістіктеріне көз жүгірте отырып, педагогика факультетінде заман талабына сай бәсекеге қабілетті, ұлт келешегі бола алатындай шәкірт тәрбиеленетініне тағы бір мәрте куә болдық.

Түлектермен кездесу кеші студенттік өмірдің қызықты сәттеріне,  ұстаз бен шәкірт арасындағы  сағыныш пен естелікке толы шара ретінде өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.