2018 жылдың 29 қарашасы мен 1 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясы Калмыкия Республикасының астанасы Элиста қаласында өткiзiлген ”Сетевое востоковедение: устные и письменные традиции в контексте межкультурного взаимодействия” тақырыбында II халықаралық ғылыми форумға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетi Педагогкиалық факультетi “Қазақ тілі мен əдебиеті” мамандығының 4-курс студенттерi Сагатбаева Асель мен Сүндетқалиева Гүлайна қатысты. Форумда студенттер доцент Раманова Айгүл Абибуллақызының жетекшiлiгiмен ”Профессор Сабыр Мұрат и исследование среднетюркских письменных памятников” тақырыбында ғылыми мақалаларын  жоғары дəрежеде қорғады. Студенттеріміз елге Б.Б.Городовикова атындағы Калмыкия мемлекеттiк университетi Қалмақ филологиясы мен шығыс филологиясы факультетi “Қалмақ, монғол және алтай тiлдерi” кафедрасының меңгерушiсi, филологиясы ғылымдарының докторы, профессор Мушаев Владимир Нарановичтiң магистратураға шақыртуымен оралды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz