2018 жылы 13 ақпан күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Педагогикалық факультетінде Орал қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған ашық есік күні өтті. Мектеп оқушылары факультет тарихы, магистратура мен бакалавр мамандықтары, ЖОО түсу туралы мәліметтер алды. Кездесуге педагогикалық факультетінің деканы Б.С.Жұмақаева, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д.Ж.Құсайынова, педагогикалық факультетінің кафедра меңгерушілері, университеттің студенттік ректоры және белсенді студенттер қатысты.
Акт зал мектеп мұғалімдері мен оқушыларға толы болды. Барлығы өздеріне қажетті ақпараттар мен сұрақтарына жауаптар алды. Кездесуде факультет туралы мультимедиялық презентация, бейнеролик, факультеттің ОПҚ-ның оқу құралдары мен кітаптары көрсетілді. Соңында педагогикалық факультеттің ғимаратына экскурсия жасалды. Мектеп оқушыларына педагогикалық факультетінің естелік сыйлықтары табыс етілді.
Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Д.Ж.Құсайынова