2018 жылдың 5-9 ақпан аралығында білім беру сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде оқытудың инновациялық технологияларын оқу үрдісінде пайдалануды жақсарту, сондай-ақ, педагогикалық факультетінің 20 жылдығы аясында «Білім сапасы-өмір сапасы» апталығы өтті.

Факультеттің барлық мамандықтарының студенттері мен магистранттары апталыққа белсенді қатысты. 8 ашық сабақ, 7 дөңгелек үстел, математика және информатика пәндерінен олимпиада, студенттер арасында ээсе жазудан байқау өткізілді.

Апта бойы кітапханадағы оқу залында білім беру сапасын басқару саласында заманауи тәсілдерге арналған кітаптар мен журналдар көрмесі ұйымдастырылды.

Апталық «Көптілді білім – көп мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің ашылуымен басталды. Дөңгелек үстелде тілді үйренуге арналған жаңа технологияларды қолданудың өзекті мәселелері мен тәжірибесі талқыланды.

э.ғ.к.., Қаржы кафедрасының доценті Б.Б.Суханбердина «Понятие риска и его экономические последствия», магистр, аға оқытушы В.Е.Нурмуханбетова «Қазақстанда этнопсихологиялық ой-пікірдің дамуы», магистр, аға оқытушы Ш.А.Макашев «Спортшының техникалық дайындығы психологиялык ерекшеліктері», магистр, аға оқытушы Н.П.Кирилина «Этнические стереотипы» тақырыбында ашық дәріс сабақтарын өткізді.

«Академиялық ұтқырлық –  бәсекеге қабілетті кадрларды дайындаудың басты факторы. Erasmus, Work&Travel, AuPair, CampAmerica, Volunteers -халықаралық студеттік бағдарламалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге студенттер тарапынан үлкен қызығушылық болды. Академиялық ұтқырлық бойынша Белгород мемлекеттік университеті, «Кайнар» университеті, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінде оқыған факультет студенттер қатысып, пікірлерімен бөлісті.

Оқытушылар «ЖОО психологиялық-педагогикалық пәндерді оқытудың инновациялық әдістері», «Экономикалық пәндер оқытушыларының педагогикалық шығармашылығы», «Формы и методы развития творческих способностей студентов и магистрантов специальности «Физическая культура и спорт»» тақырыбындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер өткізе отырып,  тәжірибелерімен бөлісті. М.Өтемісов атындағы БҚМУ оқытушылары, «Өрлеу» орталығының жаттықтырушылары, сертификатталған жаттықтырушылар, мектеп мұғалімдері шақырылды.

6 ақпан күні факультет студенттері арасында «Ең үздік ұстаздың портреті» тақырыбында эссе жазудан байқау оздырылды. Байқау қорытындысы бойынша 1 орын А.Жаңабаева, 2 орын С.Сарсенбаева, Ж.Муханова, 3 орын Т.Жеңісова, М.Аманиязова, М.Бекетаева иеленді.

7 ақпан күні барлық мамандықтың 1 курс студенттері арасында  математика және информатика пәндерінен олимпиада өткізілді. Олимпиада 2 кезеңнен өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша 1 орынды «Информатика» мамандығының студенті Г.Темірболат, 2 орын Т.Елемесова, Е.Ералыұлы, 3 орын Н.Онайбаева, Ж.Сакенова, Б.Альбетияров иеленді. «Үздік математик» дипломымен «Информатика» мамандығының студенті А.Дархан марапатталса, «Үздік информатик» дипломымен «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенті Д.Ербатыров марапатталды.

Филология және оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр Ж.Т.Нугманова «Бағалаудың өлшемдік технологиясының мазмұны мен колданудың тиімділігі», Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Б.Т.Халықова «Ақыл-ойы қалысқалған балалар психологиясы», т.ғ.к., Тарих және ӘГП кафедрасының доценті Б.С.Боранбаева  «1918-2003 жылдардағы Корея» тақырыбындағы ашық сабақтары жоғары кәсіби деңгейде өтті.

Доцент Д.Д.Сүлейменованың ұйымдастыруымен «Студенттердің  мектептегі педагогикалық практикасын сапалы өткізудің жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге облыс және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстелде мектепте жаңартылған оқу бағдарламаларын енгізудің мәселелері мен тәжірибесін талқылап қана қоймай, «Тарих» мамандығының 4 курс студенті «Қазақстан тарихы» сабағынан өзінің презентациясын ұсынды.

9 ақпан күні «Сапалы білімді өндірістік сапамен ұштастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінің профессорлық – оқытушылар құрамы, магистранттары, түлектері және 1-3 курс студенттері мен педагогикалық факультеттегі мамандықтар бойынша жұмыс берушілер: Жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары А.С. Молдагалиев, сектор меңгерушісі Н.Ғ. Аткешов, жұмыспен қамту орталығының маманы Т.Д. Ерниязов, №1 Олимпиадалық резерв мектебі директорының орынбасары Н.Ж.Тұяқов, №44 ЖОББ мектеп гимназиясының оқытушылары, №49 «Ақ ниет» бөбекжайының тәрбиешісі Л.Б. Самигуллина келіп қатысты.

Кездесу барысында жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Аткешов Нұржан Ғалымжанұлы облыс бойынша жастардың жұмыспен қамтылуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында сөз қозғап, мәліметтер беріп кетті. Шара барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің педагогикалық факультетінде білім алған түлектердің сапалы білім алып өз мамандықтары бойынша білімді де білікті маман болып жұмыс атқарып жатқандығы аталып өтілді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz