Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда студенттердің күнделікті әлеуметтік желіге, интернетке деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады. Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да бар. Осы мәселеңі кеңірек талқылау мақсатында «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі Абдуллаева Л.И. ұйымдастыуымен 2018 жылдың 15 ақпанында УА-211 топ студенттерінің қатысуымен «Білім саласында интернет: қажет немесе ….» тақырыбында дебат өткізілді.
Дебатқа «Интернетті жақтаушылар» және «Интернетті даттаушылар» командалары қатысып, тартымды пікірталас өтті. Ойынның соңында дебатқа қатысушылар өз пікірлерін түйіндеп, қарсылас командалар бір біріне қосымша сұрақтар қойып қорытындылады.
Дебаттың соңы Калекешева Х.Х., Султангужиева А.Ж., Жанекенова К.Б., Ерниязов Р.А құрамынан тұратын оқытушы-профессорлық қауыммен бағаланды.