2018 жылдың 25 сәуірінен бастап 27 сәуірі аралығында БҚИТУ   инженерлік-технологиялық факультеті студенттері   – АльмешовТурлан (5В090700-Кадастр) жәнеРасторгуев Николай(5В090700-Кадастр)Ю.А. Гагарин ат. Саратов Мемлекеттік техникалық университетіне (Саратов қ.) «Жүзбелі университеттер флотилиясы»жобасы презентациясына қатысу мақсатында іссапарға жіберілді.

Жоспарланған іс-шаралар шеңберінде студенттер «Жүзбелі университеттер флотилиясы» дөңгелек үстеліне қатысты, «Жүзбелі ғылыми-көркемөнер мектебі» картиналық галереясының ашылуында болып, Ю.А. Гагарин ат. Саратов Мемлекеттік техникалық университеті Тарих мұражайына, ғылыми-танымал фильмдер шағын фестивалін:   «Путешествие по Волжским берегам.Саратов-Волгоград-Цаган Аман-Астрахань-Каспийское море», «Путешествие по Волжским берегам. Саратов-Камышин» және «Путешествие по Волжским берегам Саратов-Ульяновск» фильмдері алғашқы қойылымын тамашалады, Ю.А. Гагарин ат. СМТУ жаратылыстану мұражайы бойынша экскурсия жасады. Соңында Саратов қаласы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шаралар аяқталғанда қорытындылар жасалып, жобаны одан әрі дамыту келешегі дайындалып, студенттердің келесі экспедицияларға бірлескен ресейлік-қазақстандық қатысуы бойынша ұсыныстар жасалды.  2019 жылға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті студенттерінің  «Гагаринский плавучий университет-2019» экспедициясына қатысуын жоспарлау шешімі қабылданды.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz