Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 6В01601 Тарих білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Бақытова Ардақ Сағдатқызы 2024 жылы 21-24 ақпан күндері Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен өткізілген панкратионнан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатында жүлделі 1-орынға ие болып, Чемпион атанды.
Болашақта тарихшы болуды мақсат еткен Ардақ спортқа да айрықша көңіл бөледі. Оның ішінде панкратион сынды спорттың өте қауіпті саласында өнер көрсетіп жүргеніне көп болған жоқ, дегенмен көптеген спорттық додаларда жеңіске жетіп жүр. Республикалық деңгейдегі жарыстарда талай мәрте топ жарып, жеңімпаз атанып келеді.
Университет ұжымы Ардақты Чемпион атануымен құттықтап, алда күтіп түрған сайыстың келесі халықаралық кезеңінде жеңіске жетіп, ел мақтанышына айналуына тілектестік білдіреді.