2024 жылдың 16 ақпанда БҚИТУ білім және менеджмент институтының кәсіптік бағдар беру бөлімінің маманы Р.С. Ислямов № 26 ЖОББМ 11-сынып түлектерімен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді. 2023-2024 оқу жылында түлектер саны-36 оқушы (қазақ сыныбында 9 оқушы, орыс сыныбында 27 оқушы. Шара барысында түлектерге қаңтар айында тапсырылған ҰБТ қорытындысы туралы ақпарат берілді:
Ұлттық тестілеу орталығының ақпараты бойынша талапкерлердің шамамен 77,5% – ы шекті балл жинады. Орташа баллға келетін болсақ, ол 69 баллды құрады. Ең жоғары балл-137. Барлығы 72 талапкер 130-дан астам балл жинады. Тестіленушілердің ең көп саны, атап айтқанда 18%, «Биология-Химия» пәндерінің комбинациясын таңдады. ҰБТ-ға 17% «Математика-Физика» пәндерін тапсырды. Сондай-ақ, топ-3 құрамына «Математика-Информатика» комбинациясы кірді, оны 12% тапсырды. «Химия-Физика» комбинациясына ең аз артықшылық беріледі, оны 149 адам тапсырды. Талапкерлер «Оқу сауаттылығы» пәні бойынша ең жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Сондай-ақ, «Физиканы» таңдаған оқушылар сұрақтардың тек 33% -дұрыс жауап берді.