2022 жылғы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтың төрағалығымен жоғары оқу орындарының өкілдерімен 2022 жылға арналған білім беру жүйесін дамытудың алдағы міндеттері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Батыс Қазақстан инновациялық-университетінің ұжымы аталған кездесуге қатысып, қорытынды бойынша университетіміздің бірқатар даму бағыттары анықталды.

Бірінші проректор, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Б.Т. Шакешев:

Жоғары оқу орындары автономиясының қазіргі жағдайындағы маңызды бағыттардың бірі оқу процесін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және университеттің академиялық саясатын іске асыру болып табылады. Біздің университеттің академиялық саясаты мен білім беру сапасының саясатын жүзеге асыру университеттің жинақталған құндылықтары мен дәстүрлеріне, профессорлық-оқытушылық құрамның әлеуетіне, ғылыми мектептерге сүйенеді.

Осы аспектіде біздің университет үшін басымдық болып табылатындар:

  • инновациялық технологиялар негізінде университет инфрақұрылымын дамыту;
  • ғылыми қамтымды білімге және практикаға бағдарлануға сүйене отырып, білім беру процесін кәсіптік стандарттарға және ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкес жетілдіру;
  • білім беру бағдарламаларын табысты жүзеге асыру үшін университет пен стейкхолдерлер арасында тиімді коммуникациялар құру;
  • білім беру процесіне жаңа ақпараттық және интерактивті технологияларды, оқытудың онлайн және IT технологияларын енгізу, МТБ және пәндер бойынша көрнекі құралдарды әзірлеу бойынша жұмыстарды жақсарту, оқытудың жаңа техникалық құралдарын енгізу;
  • ғылыми ұсынымдарды, озық әдістерді, оқытудың ұйымдастырушылық нысандары мен тәсілдерін кешенді пайдалану негізінде оқу процесін қарқындату жолдарын іздеу;
  • оқу үдерісіне ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін енгізу;
  • профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыруды, ҚР және шет елдердің үздік ЖОО оқытушыларымен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;
  • халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларға, академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу;
  • студенттердің шығармашылық әлеуетін және көшбасшылық қасиеттерін дамыту, жастар бастамаларын, стартаптарды, волонтерлік қызметті қолдау.

Стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор А.С. Иргалиев:

ҚР БҒМ есебіне қатысу қорытындылары бойынша университеттің факультеттері мен кафедралары стратегиялық жұмыс бағыттарына мынадай тармақтарды енгізу өзекті болады:

  • өңірлік деңгейде бәсекеге қабілетті ББ лигасына кіру;
  • кадр құрамының сапасын одан әрі арттыру үшін HR саясат пен талант-менеджментті жүргізу;
  • Орталық Азия өңірінің ЖОО Альянсы аясында жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты кеңейту;
  • «Жаңа кәсіптер атласын» ескере отырып, білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің кәсіби стандарттарына бағдарлау, жұмыс берушілердің көзімен ұлттық рейтингке қатысу;
  • түлектердің құзыретті үлгілерін әзірлеу кезінде жаһандық құзыреттер мен функционалдық сауаттылықты, оның ішінде педагогикалық бағыттар бойынша талдау;
  • балалардың құқықтарын қорғау, кемтар балаларды оқыту процесінде арнайы жағдайлар жасау жөніндегі педагогикалық бағыттағы студенттер үшін мамандануды кеңейту;
  • инклюзивті білім беру жүйесі үшін «педагог-ассистенттерді» дайындау үшін ББ әзірлеу;
  • оқушыларды ерте кәсіби диагностикалау және қабілеттер мен дағдыларды дамыту диагностикасы бойынша ғылыми жобалар мен элективті пәндер әзірлеу;
  • «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» ББ үшін ҚР БҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» РММ-мен ынтымақтастық жасау;
  • «Педагогика және психология» және «Психология» ББ үшін мектеп бұллингі, фостерлік отбасы және т.б. мәселелері бойынша элективті пәндер әзірлеу;
  • Психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кенестер желісін кеңейтуіне байланысты дамуында ауытқуы бар балаларды диагностикалау құзыретін және инклюзивті білім беру технологияларын меңгерген педагог-психологтар мен психологтарды даярлау қажет.

Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Бурахта В.А.:

Ғылым және халықаралық ынтымақтастық саласында университет алдында 2022 жылға арналған келесі міндеттер тұр:

  • жас ғалымдардың 2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” гранттық қаржыландыру ғылыми жобалар конкурсына қатысуы;
  • құрылған ғылыми мектептер шеңберінде зәкірлік зерттеулерді дамыту және педагогикалық, техникалық ғылымдар бойынша жаңа ғылыми мектептерді қалыптастыру;
  • профессор-оқытушылар құрамының халықаралық деректер базасында (Web of Science, Scopus және т. б.) индекстелетін басылымдардағы ғылыми жарияланымдарының санын арттыру;
  • Батыс Қазақстан өңірін дамытуға бағытталған кәсіпорындар мен ұйымдардың тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының спектрін кеңейту және іске асыру;
  • университетте жұмыс істейтін ғылыми зертханалар, орталықтар қызметін дамыту және педагогикалық, техникалық бейіндегі жаңа зертханалар құру;
  • құрылған халықаралық консорциумдар, шет мемлекеттердің жоғары оқу орындарымен және ҒЗИ-мен альянстар шеңберінде халықаралық әріптестік ғылыми байланыстарды дамыту;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру конкурсына қатысу үшін ПОҚ-ның ғылымның басым бағыттары бойынша ғылыми жобаларын әзірлеу;
  • ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға тарту мақсатында оқытушылар мен білім алушылар арасында бизнес-жобалар конкурсын (стартап) ұйымдастыру және өткізу.

Тәрбие ісі жөніндегі проректор А.И. Абекешев:

Жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде маман тұлғасының қалыптасуы, дамуы және кәсіби қалыптасуы үшін қажетті жағдайлар жасау; тәрбиелеуге, білім алуға және жан-жақты дамытуға, ана тілін, мәдениетін, ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сақтауға, хабардар болуға, денсаулықты нығайтуға құқықтарды іске асыру. Осы қасиеттерді қалыптастыру және дамыту үшін жағдайлар жасау Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде жиі қарастырылады.

Мемлекеттік саясаттың білім алушының Қазақстан Республикасының азаматы ретінде тәрбиелеудің тұтастығына және оның конституциялық құқықтарын нығайтуға бағытталуы БҚИТУ Тәрбие жұмысының тұжырымдамасында көрініс тапты.

Бұл бағытта Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов атап өткендей, біздің ЖОО-ның тәрбие жұмысында мынадай маңызды бағыттарды жүзеге асырылып жатыр:

  • студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту;
  • жастар ісі жөніндегі комитеттің жұмысы;
  • дебаттық қозғалысты дамыту;
  • волонтерлік қозғалыс.

Күтілетін нәтижелер – бұл:

  • жастардың бойында азаматтық және патриоттық құндылықтарды қалыптастыру;
  • академиялық адалдық сапасын жетілдіру;
  • еңбек нарығын практикаға бағдарланған кадрлармен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік жауапты тұлғаны тәрбиелеу;
  • өмір бойы оқыту қағидатын іске асыру.
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz