Конкурстың тақырыбы: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру.

Конкурсты ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі 8, «Министрліктер үйі», 11-кіреберіс, 645-кабинет.

Байланыс телефоны: 8 (7172)  74-16-70.

Конкурс туралы ақпарат: 

Конкурс «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі (бұдан әрі – Қағида) 

Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын, Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. «Үздік ғылыми қызметкер» атағының иегерлері соңғы он жылда аталған конкурсқа қатыспайды.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру мерзімі: 2024 жылғы  1 қарашадан 11 қарашаға дейін.

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2024.iac.kz.) келесі құжаттарды тапсырады:

1) Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзімі көрсетілген тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы мәліметтер);

3) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 12-15 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың II кезеңі 2024 жылдың 18 қарашасынан басталып, 2024 жылдың 13 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2024.iac.kz сайтында жарияланатын болады.

Конкурсқа қатысушының дербес электрондық мекенжайы тіркеуден өткеннен кейін электрондық түрде құжаттарды толтыру туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2024.iac.kz.) орналастырылады

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz