2021 жылдың 1 сәуірінен бастап Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Педагогикалық факультеттің деканы, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Баян Сабырқызы Джумакаеваның өз еркімен қызметтен кетуіне байланысты конкурс жарияланғанға дейін уақытша Педагогикалық факультет деканының міндетін атқарушысы болып, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Марат Қайыржанұлы Ажгалиев тағайындалды.
М.Қ.Ажгалиев 2003 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті және шетел тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылдан М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да оқытушы, аға оқытушы, доцент, әкімшілік басқару саласында филология факультеті деканының орынбасары, тілдерді оқытудың практикалық курсы кафедрасының меңгерушісі, 2013 жылдан бүгінге дейін Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі.
М.Қ.Ажгалиевтің авторлығымен 100-ге жуық ғылыми-әдістемелік мақала, 2 монография, 2 оқу құралы жарық көрген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісінің (№82, 25 қыркүйек 2017) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін «Қазақстанның құрметті ұстазы – 2019» төсбелгісінің (№124, қараша, 2019) иегері.