Жастар практикасы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.

   Жастар практикасына техникалықжәне кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздар бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау үшін жіберіледі.

  Түлектер қатарындағы жастар практикасына қатысушылардың жалақысын қаржыландыру алты айдан аспайтын мерзімде еңбек шартына сәйкес жүзеге асырылады.

   Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден айына субсидия беру (жалақының) мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, республикалықнемесе жергілікті бюджеттерден субсидиялаудың бір айдағы мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (2021 жылы 72 925 теңге) (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбекдемалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.

   Қосымша сұрақтар және жұмысқа орналасы бойынша жұмыспен қамту орталығына бару қажет.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz