2021 жылдын 24 қыркүйек күні №1 ОРМБЖМ стадионында Батыс Қазақстан инновациялық–технологиялық университетінің 1 курс студенттері арасында «Денсаулық күні» спорттық сауықтыру фестивалі ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты:
- студенттердің белсенділігін арттыру;
- студенттер арасында спорттық өнерді насихаттау;
- дене шынықтыру арқылы студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайту.
Жарыс келесі сайыс түрлері бойынша өтті:
- 4х100 эстафета әр факультеттен 1 командадан (2 қыз, 2 ұл);
- студенттер арасында гір спорты (32 кг) ;
- арқан тарту- (командада 5 қыз, 5 ұл);
- баскетбол (командада 5 адам);
- шағын-футбол (командада 5 адам);
- қабырға газеті.
Жалпы сайыстардың қорытындысы бойынша командалық есепте:\
1-орын Педагогика факультеті
2-орын Инженерлік-гуманитарлық факультет
3-орын Тілдер және менеджмент факультеті
Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.





