2023 жылғы 25 қаңтарда сағат 15.00-де Орал қ.ППБ ППБ кадрлар жөніндегі командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Тлекжан Жумагелдивич Қабдоловпен және 6В04203 Көлікті тасымалдауды, қозғалысты және пайдалануды құқықтық реттеу, 6В04202 Құқықтану ББ білім алушыларымен БҚО полиция департаментіне жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бойынша кездесу өтті. Кездесуді құқық және «көлік және технология” кафедраларының аға оқытушылары Ж. К. Тулеугалиева, А. Ж. Сарсенова, Г. Б. Аралбеков және Г. М. Жазыкбаева ұйымдастырды.

Кездесу барысында Тлекжан Жумагелдиевич БҚО полиция департаментінің қатардағы және басшы құрамының лауазымдарына кандидаттарды қабылдау туралы жариялады. Ішкі істер органдарында қызмет өткерудің артықшылығына егжей-тегжейлі тоқталды: жұмыс берушінің есебінен бастапқы оқыту және біліктілігін арттыру; қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақысын арттыра отырып, тұрақты және уақтылы жалақы; сауықтыруға арналған жәрдемақы; ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсету; арнаулы атағына байланысты 45 жастан бастап зейнеткерлікке шығу (ІІО-да кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз қызмет өткерген кезде) және кандидатқа қойылатын талаптар: жасы 35 жастан аспаған, бойы кемінде 170 сантиметр, білімі орта (қатардағы құрам лауазымына) және жоғары (басшы құрам лауазымына байланысты Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органы беретін тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы, денсаулық жағдайы бойынша жарамдылығы (әскери-дәрігерлік комиссия айқындайды).

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz