2019 жылдың ақпан айының 11-16 аралығында «Шақыртылған профессор» бағдарламасы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің инженерлік-технологиялық факультетіне Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы Сеитов Марат Султанович шақырылды.

Экология және биотехнология кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы  мен 5В120100-Ветеринарлық медицина және 5В120200-Ветеринарлық санитария мамандықтарының студенттеріне біліктілікті арттыру мақсатында «Ветеринариялық медицинада инновациялық физиотерапия әдістері» тақырыбында 36 сағат көлемінде курс өткізді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz