Жастардың бойында өлкенің рухани, мәдени мұрасына, білім, өнер, тарихқа қызығушылықтарын оятып, отансүйгіштікке баулу мақсатында «Музейстар – 2019» жобасы басталған еді.
24-мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен Жастар жылына орай аталмыш жоба аясында облыстық тарихи-өлкетану музейінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Білімді жастар – ел болашағы» тақырыбында көрмесі ашылды.
Көрмеге оқу ордасының қалыптасуы, даму кезеңдері мен ғылыми жетістіктері, мұрағаттық құжаттар, фотоматериалдар мен жәдігерлер жабдықталды. 24-мамыр мен 21-маусым аралығында қала тұрғындары мен қонақтарының назарына ұсынылған көрмеден облыстық тарихи-өлкетану музейіне келген әрбір ізденуші Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарихымен таныса алады.
БҚИТУ ұйымдастыру және тәрбие бөлімі









