Стратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
1993-1997 жылдар аралығында М.Өтемсов атындағы Батыс Қазақстан университетінің филология факультетінде білім алып, «Қазақ және орыс тілдерінің мұғалімі» мамандығын алған. 2004-2006 жылдар аралығында осы университеттің магистратурасын бітірген.
2010 жылы «Қазақ мектебінің VII сыныбында шешендік өнерді оқыту әдістемесі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Бірнеше оқу құралдарының, монографияның және 20-тан астам мақаланың авторы. Көптеген кәсіби даму сертификаттарына ие.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен, БҚО және Орал қаласы әкімінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ректорының Алғыс хаттары және грамоталарымен марапатталған.
