Тарих және әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Д.Д. Сүлейменова қыркүйек айының 13-14 аралығында Кентау қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақтың Алаш азаматы Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов» атты республикалық конференциясына, сонымен қатар, Түркістан қаласында Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ – түрік университетінде «Қазақ хандығының көрнекті тұлғалары» атты дөңгелек үстелге қатысып баяндама жасады. Конференцияда тарихи тұлғалар өмірі кеңінен талқыланды.

