Алматы қаласында 28-29 наурыз аралығында өткізілген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің арасында өткен XI Республикалық пәндік олимпиадасында «Педагогика және психология» мамандығы бойынша қатысқан «Dominant» командасы «Ең белсенді топ» номинациясын иеленді.  Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры  студенттер белсенділік көрсетіп, жоғары дайындықпен қатысқаны үшін   БҚТУ ректоры Габдуалиева Раушан Смадиевнаға алғысын білдірді. Педагогика және психология пәндері бойынша Республикалық студенттер олимпиадасына студенттерді ұйымдастырып, жетекшілік еткені үшін Умбетова Гаухар Маратовна алғыс хатпен марапатталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz