2026 жылғы 12 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Отеуова А.К «Жер құқығы» пәні бойынша «Жер дауы: заң және әділет» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттерге жерге орналастыру, жер мониторингі және мемлекеттік жер кадастрының құқықтық маңызын түсіндіру, жер дауларын шешуде Қазақстан Республикасының Жер кодексі нормаларын тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ дәстүрлі форматтан өзгеше, оқу сот отырысы түрінде ұйымдастырылды. Студенттер сот процесіне қатысушылардың рөлдерін орындап, жер учаскесінің шекарасына қатысты құқықтық дауды қарастырды.
Сот отырысында тараптардың түсініктемелері тыңдалып, жер кадастры маманы ұсынған құқық белгілейтін құжаттар, кадастрлық жоспар, өлшеу актісі және жер мониторингі материалдары зерттелді.
Практикалық жұмыс барысында студенттер Жер кодексінің нормаларын қолданып, құқықтық жағдайларды талдады, өз ұстанымдарын дәлелдеп, кәсіби сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Ашық сабақ студенттердің құқықтық сауаттылығын, кәсіби құзыреттілігін және практикалық дағдыларын дамытуға бағытталды.
Сабақтың негізгі идеясы: жер дауын шешудің басты жолы – заңдылықты сақтау, нақты дәлелдерге сүйену және әділеттілікті қамтамасыз ету.

