Кешкі мектепте бітіруші түлектерге арналған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылды. Кездесуге Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Кәсіптік бағдар беру бөлімінің басшысы Жанияров Қ.К. және осы мектептің түлегі, «Ветеринария» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының күміс жүлдегері Ықсан Аружан қатысты.Кездесудің негізгі мақсаты – түлектерге болашақ мамандығын саналы таңдауға бағыт-бағдар беру, жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсыну және университеттің білім беру бағдарламаларымен таныстыру.Жанияров Қ.К. білім алушыларға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіне оқуға түсу тәртібі, білім беру бағдарламалары, оқу үдерісінің ерекшеліктері, студенттерге берілетін мүмкіндіктер және қажетті құжаттар жөнінде жан-жақты мәлімет берді. Сонымен қатар еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіби бағытты дұрыс таңдаудың маңыздылығына тоқталды.Кездесу барысында Ықсан Аружан өзі білім алған мектебіне қайта оралып, оқушылармен студенттік өмірі, «Ветеринария» білім беру бағдарламасында оқуы және спорттағы жетістіктері туралы әңгімелесті. Ол білім мен спортты қатар алып жүрудегі тәжірибесімен бөлісіп, түлектерді алдарына нақты мақсат қоюға, өз мүмкіндіктеріне сенуге және үнемі ізденуге шақырды.Кездесу соңында түлектер мамандық таңдау, оқуға қабылдау және студенттік өмірге қатысты сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz