2026 жылғы 2 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде ұстаз, ғалым және тәлімгер Уракчинцева Галина Владимировнаның кәсіби жолы мен еңбегіне арналған салтанатты іс-шара өтті. Ол өз өмірін білім беру саласын дамытуға, ғылымға және жас мамандарды даярлауға арнаған жан. Іс-шара кәсіби қалыптасу жолының шығармашылық шежіресі форматында ұйымдастырылып, онда Галина Владимировнаның көпжылдық еңбегі, ғылыми жетістіктері, педагогикалық тәжірибесі және таңдаған кәсібіне деген адалдығы кеңінен баяндалды. Құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдіргендердің қатарында институт директоры Раманова Айгуль Абибулаевна, проректор Машанова Самал Амангельдиевна, университет кафедраларының меңгерушілері мен өкілдері, сондай-ақ арнайы шақырылған қонақтар мен түлектер болды.
Өз сөздерінде әріптестері мен қонақтар Галина Владимировнаның жоғары кәсібилігін, ғылыми-білім беру қызметіне қосқан үлесін, педагогикалық шеберлігін және жас мамандардың қалыптасуындағы маңызды рөлін атап өтті. Әсіресе, оны тек білім беруші ұстаз ғана емес, шынайы тәлімгер ретінде бағалайтын шәкірттері, түлектері мен әріптестерінің құрметі мен алғысына ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында Галина Владимировна сөз сөйлеп, университет әріптестеріне, қонақтарға және барша қатысушыларға көрсетілген құрмет, шынайы құттықтаулар мен ізгі тілектері үшін алғысын білдірді.


